Білім семинары

Еңбекшіқазақ ауданындағы №1 Рахат орта мектебінде «Инновациялық басқару және педагог тәжірибесі» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды.

 Ауқымды іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген 41 мектеп басшысы мен білім саласының мамандары қатысты. Жиында жоғары оқу орындарының оқытушылары өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру саласындағы жаңа әдістер мен тиімді басқару тетіктерін таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, әдістемелік нұсқаулықтарды сапалы әзірлеу, білім мазмұнын жаңғырту сияқты маңызды мәселелерді талқылады. 

ГҮЛЖИХАН ИМАНХАТОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Білім саласындағы өзгеріс тек практиканы қажет етпейді. Практиканы алу үшін ғылыми тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да білім, біліктіліктерімізді жетілдіру керекпіз. Бұл жерде ең бірінші басқаруда стратегиялық бағыт дұрыс қойылу керек.  Екіншіден оқу тәрбие үдерісін сапалы басқару және ол жердегі көшбасшылықты алып отырмыз. Үшіншіден инклюзивті білім беруді алып отырмыз»

Сондай-ақ оқыңыз: