Журналистер мерейі

Алматыда Қазақстан журналистика академиясының 25 жылдығына арналған марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шарада академияның бірқатар мүшесіне меретойлық төсбелгілер табысталды. Сонымен қатар белсенділер мен қатысушыларға арнайы мерейтойлық дипломдар берілді. Марапатталғандардың қатарында «Конаев Медиа» телеарнасының  басшысы  Қымбат Хангельдина мен  бас редакторы Күлімхан Хасенова да бар. 25 жылда  жүзден астам адам  академияның  академигі атағына ие болды. Сонымен қатар іс-шараға келген  қонақтарға Олжас Сүлейменовтің кітаптары да табысталды.

САНСЫЗБАЙ МӘДИЕВ 
ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ 
 «Бұл журналистика академиясының құрылу тарихи бір жағынан ол кезде қайшылықты кезең болды. мемлекетіміз жаңадан тәуелсіздік алып жатқан кезең болса , екіншіден бұл қандай нәрсе ол журналистика академиясы қалай болады деген сияқты оған сенбеуші адамдардың да көзқарасы пайда болды. Бірақ бұл жерде Сағымбай Қабашұлының рөлі зор деп айта аламыз. Өйткені бұл кісі орыс тілді де қазақ тілді де журналистердің басын қосып соны бір ортаға ұйытқы бола білді» 

Сондай-ақ оқыңыз: