Қазақ өнерінің серкесі

Биыл актер, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі Серәлі Қожамқұловтың туғанына 130 жыл.

Осыған орай Алматыдағы  Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Ғасырлар үнін сақтаған бейне» атты мәдени іс-шара өтті. Жиынға мәдениет және өнер саласының өкілдері, театр және кино қайраткерлері мен өнер иесінің ұрпақтары қатысты. Толығырақ тілші материалында. 


Серәлі Қожамқұлов - ұлтымыздың ұлы актері, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бipi. Оның Қазақ мемлекеттік драма театрының қалыптасуы жолындағы еңбегі едәуір. Әкем театрда актер әpi режиссер қызметтерін қатар ақтарған. Қазақ сахнасында алғаш сомдалған «Еңлік кебек» пьесасындағы Еспембет рөлімен көптің қошеметіне бөленген.

ЕРКІН ЖУАСБЕК 
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Қазақ театры ашылады дегенде алғашқылардың бірі болып сол кездегі алаш ардақтыларың шақыртуымен осы театрды ашқан кісі. Алғашқы рөлін өмірінің соңына дейін ойнаған алғашқы қазақ деп айтуға болады. Өйткені «Еңлік Кебек» пьесасы қанша рет қойылса сондағы Еспембет рөлін жаңылмай ойнап келген ғой.» 

Социалистік Еңбек Epi атағын алған тұңғыш қазақ әртісі «Амангелді», «Ақ раушан», Шәкен Аймановтың «Алдар көсе», «Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық комедиясы сынды фильмдер мен 200 ге жуық рөлді шебер сомдаған. Бойындағы дарынымен әрбір рольдің болмыс-бітіміне сай өзіндік мінезі мен дауыс ырғағын, сахналық қимыл-әрекеті мен сөз мәнерін дәл тауып, құлпырта ойнататын актер жайлы 1973 жылы «Сераға» телефильмі жарық көрген. 

ӘСЕЛ МУСИНОВА 
СЕРӘЛІ ҚОЖАМҚҰЛОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ
АУДАРМА «Бүгін мұнда «Қазақтелефильм» студиясы түсірген «Сераға» деректі фильмі көрсетілді. Бұл фильм YouTube-та да, біздің отбасылық архивте де жоқ. Сондықтан бұл біз үшін үлкен жаңалық болғалы тұр. Фильмде атамыздың 60–70-жылдардағы спектакльдерінен үзінділер көрсетіледі. Бұл – өте құнды әрі сирек коллекция.»

Театр өнерінің серкесі, қайталанбас дарын иесі  өмірінің соңына дейін сахна төрінен түспей, ақ адал қызмет етті. Ал өнері жұрт есінде мәңгі сақталып қалды.

Сондай-ақ оқыңыз: