Қобыз өнерінің падишасы
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында кәсіби қобыз орындаушылық мектебінің негізін қалаушы, профессор, халық әртісі Фатима Балғаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.
Іс-шара аясында оқу ғимаратында Балғаеваның ескертшік бюсті ашылып, «Қобызға арналған пьесалар» атты ноталық жинақ шықты. Академик Ахмет Жұбанов 1945 жылы консерваторияда «халық аспаптары» бөлімін ашып, ұлттық музыканы сақтау мен дамытуға негіз қалады. Сол бөлімнен шыққан алғашқы түлектердің бірі – Фатима Жұмағұлқызы. Ол ұлттық аспаптың үнін әлемге танытқан бірегей өнер иесі, көрнекті педагог және қазақ мәдениетінің жанашыры. Фатима Балғаева консерваториядағы «Қобыз және баян» кафедрасының алғашқы меңгерушісі ретінде жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосған бірегей тұлға» деді конференцияға қатысқан ғалымдар. Ол 1951 жылы Берлинде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінде лауреаты атанды. Сондай-ақ, қобызға арналған алғашқы ғылыми еңбектердің авторы ретінде де танымал болды.
ТҰРСЫНХАН ҚАРАҚОЖАЕВА
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ
«Бірінші рет танысқан кезде Фатима апайымыз өте сондай ұстанымы жоғары, білімді, интелегентная деп айтамыз ғой сондай апайымыз. Сол кісіге қарап қобыздың дыбысыны мен ойнаған кезде маған айтты: «Айналайын Тұрсынхан мен қазір тыңдап тұрмын, сондай дыбысың әдемі. Вне конкурса осы консерватория түсесің деп сол кісінің бірінші маған айтқан лебіздері маған жыл»