Өнері өрлеген өрендер

Өнері өрлеген өрендер. Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашалық ортаығы аз уақытта өнердің биігінен көрінді. Жас дарындар республикалық деңгейдегі көптеген байқауларға қатысып, жүлдегер атанып келеді. Шығармашылық ұжым жетістіктерін  тілшіміз баяндайды. 


Шығармашылық орталық сегіз жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақытта өнер ордасы  көптеген жас таланттардың танылуына жол ашты. Конуертте жас өрендер бойындағы қабілітін көрсетіп, көрерменді тәнті етті. Жалпы орталықта  музыкалық-эстетика, қолданбалы-шығармашылық, әлеуметтік-педагогикалық және спорттық бөлімдер бар. 

ЖАНГҮЛ ОРАЗАЛИЕВА
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 
 «Дәстүрлі түрде өтетін концермітіз. Өзіміздің жыл бойығы жасаған жұмысымызды халық, ата-аналар алдында осылай дәріптеп , көрсетіп отырамыз. Неігізі Қарғалы шығармашылық орталығы көбінесе ұлттық құндылықты, адал азаматты сонымен қатар болашақ ұрпаққа кәсіптік бағдар беретін бірден- бір мекеме»

Бақытәли Даулетиярдың тәрбиеленушілері де үлкен жетістіктерге жетуде. Физика пәнінің мұғалімі ешқандай робототехникалық жабдықтары жоқ мектепте оқу кабинетін жасақтап, оқушыларды ғылымға қызықтыра білді. Оның бастамасымен «Өнертапқыштар әлемі»  клубы құрылды. Клубтың алғашқы ірі жобаларының бірі – мектептегі мүмкіндігі шектеулі оқушыға арналған қол протезі. Кейін жас өнертапқыштар түрлі дрондарды құрастырды. 

БАҚЫТӘЛИ ДАУЛЕТИЯР 
МҰҒАЛІМ
 «Біз қазіргі таңда ауданнан бастап халықаралық жарысқа дейін жүлделі орын алып, биыл халықаралық дрондар жарысында 3-ші орын алдық. Соңғы кездегі жобамыз ол ұшқышсыз ұшақ деп аталады. Ол вертолет секілді урнаны көтеріп, самолет секілді алдыға 5 км дейін ұша алады»

Орталық  облыс әкімдігінің қолдауымен ашылған. Мұнда 20-дан астам  үйірме мен студия жұмыс істейді, оларда мыңға жуық бала білім алады.

Сондай-ақ оқыңыз: