Ардагерлерге құрмет

Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік төлем берілді

 Өңірде сұм соғысты көзбен көрген 4 майдангер бар. Олардың ең үлкені – 103 жастағы Тәңірберген Толғанбаев. Сондай ақ  Ұйғыр ауданының 102 жастағы тұрғыны Әлім Кебиров, Еңбекшіқазақ ауданында тұратын Солтанбай Жарықбасов пен  Жамбыл ауданныда тұратын  Федор Ковалев бар. Отан үшін отқа түскен ардагерлерге Алматы облысы әкімдігі тарапынан үнемі қолдау жасалады. Бұдан бөлек, облыстағы 2 038 тыл еңбеккерінің әрқайсысына  біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.  

Сондай-ақ оқыңыз: