Ерлік ұмытылмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  майдангер Кенжебай Мәденовке соғыстағы   жанқиярлығы мен батылдығы үшін «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

 Соғыс соңында взвод командирі болған Кенжебай Мәденов Берлиндегі Ратуша ғимаратына Жеңіс туын тіккен. Бұл тарихи сәт майдангерлердің рухын көтерген маңызды оқиға болды. Бұл шешім тарихи әділдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам. Сондай ақ  Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне орай сардарлар мен сарбаздарды құттықтады. Президент  ел қорғаны болып жүрген әскери қызметшілерге құрмет көрсетіп, соғыс ардагерлерінің ерлігіне тағзым етті. Әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, армияны жаңғырту және қорғаныс қабілетін арттыруда жүйелі жұмыс жүргізіледі. Сонымен бірге елдің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз: