Білім мәселесі
Талғар ауданында 500-ге жуық мектеп директорының қатысуымен білім басқармасының алқа мәжілісі өтті.
Шара аясында мамандар білім сапасы, суицид, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, мемлекеттік аттестациялау, мектептің санитарлық жағдайы, жаз айында баланың уақытын тиімді пайдалануы сынды өзекті мәселені ортаға салып, алдын алу шаралары ұсынылды. Толығырақ әріптесім Ақжан Анапия айтсын.
Алматы облысында 360 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Одан бөлек жиырма мыңға жуық бала жекеменшік мектепте оқиды. Білім сапасын арттыру мәселесінде бірінші кезекте - мемлекеттік аттестациялау. Биыл 15 орта мектеп пен 241 мектепке дейінгі білім беру мекемесін аттестациядан өткізу жоспарда тұр.
«Енді жеке-жеке аудандарда сен мына көрсеткішке жете алмай жатсың, мына показателің дұрыс емес деген жеке жеке талданып өтеді. Және мұндай массамен емес, кемінде екі ауданмен біріктіріп, осы 1-2 аптаның ішінде барлық аудандарды жүріп өтуіміз тиіспіз. Тиісті аудандарда керек болса директорлары енді мүмкіндіктер бар ғой, бірінші осы жетістікке оңтайландыру жолдары талқыланады»
Жиында жасөспірімдер арасындағы суицид пен құқықбұзушылық мәселесі сөз болды. Жыл басынан бері облыста өз-өзіне қол салу бойынша 8 дерек тіркелген. Оның алтауы мектеп оқушылар арасында. Осындай қайғылы жағдайдарды алдын алу үшін ата-анамен байланысты нығайту қажет»- дейді мамандар.
АЙГҮЛ ЕСІМБЕКОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛІ
«Ата-анамен жұмысты күшейту қажет. Әсіресе ұл бала арасында суицид жиі болады. Оны не үшін жасауға тырысқандарын психологиялық тұрғыда талдайтын болсақ отбасы, ата-ана мәселесіне ораламыз. Кейде үлкендер жасөспірімдердің ахуалына денденп енгілері келмейді. Қазір балалардың ой-өрісі де кең ғой. Кез келген айтылған сөзді басқаша қабылдайды. Отбасында көңілі тоқ бала қоғамға тез бейімделеді, сыртқы фактор әсер етпейді. Осы мәселені бүгін қайта көтеріп, ұсындым. Мектепте арнайы тестілеу нәтижесіне бейжай қарамауымыз керек»
Одан бөлек, білім беру ұйымдарындағы санитарлық тазалық мәселесі де талданды. Сондай-ақ, оқушылардың жазғы уақытын қауіпсіз әрі тиімді өткізуі үшін 34 жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастауы тиіс.
АҚМАРАЛ БАҚЫТҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазіргі кезде құжаттары рәсімделуде балық лагердің. Қалай құжаттары рәсімделіп болады, маусым айына дейін жұмыс басталады. Облыс бойынша 300 мыңға жуық баланы қамтимыз. Оның ішінде дарынды балаларымыз бар. Отбасы жағдайы байланысты бар Жалпы барлық сананаттағы балалар жазғы сауықтыру лагерьмен қамтылатын болады.»
Бәсекеге қабілетті, саналы ұрпақ тәрбиелеу – ұлттық мәселе. Білім сапасын арттыру қағаз жүзінде емес, алдымен тәрбие мен ұлттық құндылық деңгейінде болуы қажет» дейді мамандар.