Айппұл арқалады

Талғар ауданында санитарлық тазалық талаптарын сақтамаған жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.

Арнамыздан эфирге шыққан «Таза мекен» бағдарламасында өңір тазалығына қатысты бірқатар кемшіліктер көрсетілген еді. Нәтиже көп күттірмей, құзырлы мекемелер мен жергілікті әкімдіктер жағдайды жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылдай бастады. Тақырыпты кеңірек Құрманжан Қасымжанұлы толықтырады.


«Таза мекен» хабарының алдыңғы шығарлымында «Қызыл Қайрат» ауылында орналасқан «Көлсай» мейрамханасын санитарлық талапты өрескел бұзу фактісін көрсетілді. Мейрамхана қызметкерлері  нысан жанынан шұңқыр қазып, тұрмыстық қалдықтарды сонда  төккен. Сол кезде мейрамхана  өкілдері кеткен кемшілікті бірден түзейміз деп сөз берген еді. 


 ГҮЛНАР ӘДІЛЖАНОВА  
 МЕЙРАМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ 
«Пакеттерді арт жағына қойғаннан кейін ары қарай көшіп кеткен ғой. Болды бәрін тазалап жинап ретке келтіріп қоямыз. Екі үш сағаттың ішінде бәрін жинап тастаймыз»

Мейрамхана ағаттығын түзегенімен жауапкершіліктен қашып құтыла алмады. Тиісті органдар меншік иесіне ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, 65 мың теңге теңге көлемінде  айыппұл салды.  Ал  Бесағаш ауылында он жыл бойы үйілген қоқыс мүлдем жиналмаған.

НҰРЖАМАЛ КҮСІМБАЕВА
БЕСАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Мына мусор пайда болғалы мен 13 жылдан бері осында тұрып жатырмын. Сол 13 жылда ешқандай өзгеріс жоқ. Акиматқа барғамын. Бес әкім ауысты. Дұрыс емес. алып тастау керек қой. Мынау біз үшін пазор болды. Ұяламыз»

Санитарлық жөндеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін Бесағаш ауылы әкімінің орынбасары әкімшілік жауапқа тартылыпы, айппұл арқалады. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалықты қадағалауға тиіс тұлғаларға қатаң шаралар қолданылады» дейді жауаптылар 

Сондай-ақ оқыңыз: