ЖАС САРБАЗ

Еңбекшіқазақ ауданы Ломоносов атындағы орта мектепте "Рухы биік, ісі адал жас сарбаз" облыстық семинар өтті. Игі шара аясында өңірде құрылған «Жас сарбаз қозғалысының» бес жылдық белесі түйінделді. Әрі жастарға патриоттық тәбие берустуралы мамандар өз ойларымен бөлісті. 

Жас сарбаз әскери патриоттық клубы – әуелі жастарды жаман әдеттерден аулақ ұстайды. Заң мен тәртіпке бағынып, елжандылы болып өсуге баулиды. Бүгінде облыстағы осындай 127 клубта 3 200 жас сарбаз тәрбиеленіп тәлім алады. 

НҰРБЕК БАЙСОҚОВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ     
«Шәкірттерімізді біз негізінен тәртіпке үйретеміз. Сондай ақ жаман мінез құлықтан алыс болады. Сонымен қатар сабақ үолгерімі де жақсы болады. Оған қоса балаларымыз физикалық тұрғыдан шымыр болып өседі» 


Аудан түлектері арасында әскер немесе құқық қорғау саласындағы жоғары оқу орндарына  түсіп жатқандар аз емес. Семинарда  республика мектептері бойынша  тұңғыш үрмелі және соқпалы аспаптарда ойнайтын оркестрі құрылды. 


НҰРЖАН ТҰРСЫНТАЙ
ЖАС САРБАЗ
«Осы ұйымға қатысқаныма бес жыл болды. Біз мұнда әр түрлі жаттығуларды үйренеміз. Дифиле, ту, оркестор, барабан сияқты жаттығулар жасаймыз. Бұл жас сарбаз әскери клубы бізге жақсы тәлім берді»
ШОЛПАН ҚОШАҚАНОВА
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бүгінгі саминардың басты жаңалығы «жас сарбаз әуені» оркесторының ашылуы. Бұл республика бойынша бірінші ашылып жатқан оркестор. Енді біз осы жұмысты ауданның қалған мектептерінде де жалғастыруды көздеп отырмыз»


Жиынға қатысушылар  жас сарбаздарды баулудағы өздерінің ұтымды тәсілдерімен бөлісіп,  өзара тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ оқыңыз: