ҚОНАЕВТАН 50 ЖАС ЖІГІТ ӘСКЕРГЕ КЕТТІ
Қонаев қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма алды бүгін ерекше. Мұнда 2026 жылғы шақырылым аясында әскерге аттанып бара жатқан 50-ге жуық жас жігітті шығарып салу рәсімі өтті. Сап түзеген бозбалалардың көздеріндегі сенімділік пен жауапкершілік юайқалады. Ал ата-аналардың көздерінен ұлдарының ер жетіп, ересек өмірге қадам басқаны көрінді. Шара барысында жас сарбаздарға арналған шағын концерт ұйымдастырылды. Қалалық әкімдік өкілдері мен ардагерлер, офицерлер жастарға сәттілік тілеп, бүгінгі Қазақстан әскерінің ел тыныштығының мызғымас тірегі екенін айрықша атап өтті. Енді сарбаздар еліміздің әр өңіріне бөлініп, қызметтерін бастамақ. Айта кетейік, облыста жыл басынан бері әскери шақырылым жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ендігі кезекте Ұлттық ұлан қатарына шақырылым науқаны жоспарланған.
ИСЛАМБЕК ӘУБӘКІР
ЖАС САРБАЗ
Бүгін біз үшін өте ерекше күн болып табылады. Біз отан алдындағы борышымызды өтеуге алғашқы қадамымызды басып отырмыз. Мен өзімнің құрдастарыма, өзіммен жастыларға осы 18 ге тлоып жатқандардың бәрін әскерге шақырамын. Бұл бәріміздің міндетіміз болып табылады.
НҰРБОЛ ЖҰМАШХАН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ
Бас сарбаздар ол Аягөз қаласына екі әскери бөлімге. Осы күнге дейін ҚР шекара қызметін толықтады, жарақтадық. Қазір осы ҚР ҚК қатарына жіберіп жатырмыз.жоспарымыз уақытымен, толығымен орындалуда.