ЕЛ ҮШІН ЕЛГЕЗЕК ЕҢБЕК

Сарышаған полигонында жаңартылған «Жебе-1» әуе қорғанысы зымыран кешенінің сынағы сәтті өтті. Жаттығу барысында авиациялық зымыран көктегі нысананы дәл көздеп, көздеген мақсатты мүлтіксіз жойды. Бұл еліміздің әуе қорғанысын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Ауқымды жобаның жүзеге асуына 65229 әскери бөлімінің аға инженері, майор Естай Омаровтың елеулі үлесі бар. 


ЕСТАЙ ОМАРОВ 
65229 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ 
«Р-60 авиациялық ракетасы стрелла зениттік зымыраны қайта жаңғыртылды. Әскери бөлімімізде жаңғырту жұмыстары тек стрела 1 зениттік зымыранмен ғана шектеліп тұрған жоқ. Одан дааәрі қарай басқа да әскери техникаларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.»


Ал офицер Марал Хайырбекова Алматы азаматтық авиация академиясы қабырғасында білім алып, өз тағдырын отан қорғау ісімен байланыстырған. Қазір лейтенант әскери авиацияның сенімді қызметкері. Ол әуе техникаларының электрондық жүйесін, байланыс және радиолокациялық құрылғыларды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін радиотехникалық жабдықтарды баптап, жөндейді.

МАРАЛ ХАЙЫРБЕКОВА 
65229 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ АҒА ТЕХНИГІ
«Мен бала күнімнен әскери қызметкер болуды армандадым. Себебі менің әкем де әскери адам. Әкемнің қызметін, тәртібін, жауапкершілікті көріп өстім. Сол себепті мен де осы жолды таңдап, отанға қызмет етуді мақсат еттім. Әскери қызмет маған үлкен мүмкіндік берді. Мен алғашында қатардағы жауынгерден бастап, бүгінгі лейтенанат атағын алды


Әскери борышқа деген адалдық, кәсіби біліктілік, қайсар мінез бен мақсатқа ұмтылыс бүгінгі буын сарбаздарының басты сипаты. Мұндай қасиеттер жас әскери қызметшілерге үлгі болып, ел қорғау ісіндегі жауапкершіліктің маңызын айқындай түседі.

Сондай-ақ оқыңыз: