28 отбасы баспаналы болды
Мерекелік тарту. Қарасай ауданында 28 отбасы баспаналы болды.
Жаңа үйлер әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға берілді. Бағдарлама аясында үй алған тұрғындар ай сайын шамамен 30 мың теңге көлемінде жалдау ақысын төлейді. Жалдамалы баспананы алған азаматтар болашақта оны жекешелендіру мүмкіндігіне ие. Бұл ретте, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар азаматтар тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіре алады. Ал көпбалалы отбасылар заңнамаға сәйкес жекешелендіру құқығын пайдалана алады.
БАЯН ДАЛАБАЕВА
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
«Мен қуанышты күнімді 12 жыл бойы күттім. Бүгін қуаныштымын бүгінгі күніме. СКл 4008 сегізінші болдым очередь кезінде. Соны күтіп, арендада тұрғаныме. Бүгін қуаныштымын»