Әлеуметтік мәселелер талқыланды
Қонаев қаласында жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу мен әйелдерді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен өткен басқосуда интернет арқылы таралатын «синтетикалық» есірткіге қарсы күрес басты назарға алынды. Өңірдегі профилактикалық шаралар мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде диспансерлік есепте тұрғандар саны азайғанымен, мамандар сақтықты күшейту қажеттігін айтады. Сонымен қатар, жиында әйелдердің кәсіпкерлігі мен жұмыссыздықты азайту тетіктері сөз болды. Жыл басынан бері облыс бойынша 18 мыңнан астам нәзік жанды жұмыспен қамту орталықтарының көмегіне жүгінген. Олардың басым бөлігі мемлекеттік жобалар мен «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасы аясында өз ісін бастауға мүмкіндік алды.
ЛӘЗЗАТ БОТАБЕКОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«бұл жерде енді әсіресе ауыл әйелдерінің жұмыссыздығы туралы, олардың біздің мына қоғамдық ортаға қалай тартылып жатыр, өздерінің отбасын қалай тәрбиелеп жатыр, балаларға қалай қарап жатыр деген сияқты жалпы ауыл әйелдерінің жағдайы туралы. Ауылда отырған әйелдерді кәсіпке тарту, оларға жаңағы жаңа асып жатқан кәсібіне кеңес беру, оларға қолдау көрсету»