Жасанды интелект мүмкіндігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойған болатын. Бастама әсіресе ауыл-аймақтағы мектептердің әлеуетін арттырып, заманауи, инновациялық оқу жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайды. Қазірдің өзінде облысымыздағы мектептер ақпараттық құралдарды кеңінен қолданып келеді. Жаңа мүмкіндік жайында тілшіміз толығырақ тарқатсын.
Алматы облысының әр аймағындағы мектептер оқу барысында жасанды интеллектіні қолдана бастады. Бұл бастама білім беру жүйесін жаңартып, заманауи әрі сапалы білім беруге бағытталған. Келесі оқу жылынан бастап, әсіресе ауыл мектептеріндегі оқушыларға жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға жағдай жасалады. Мамандардың айтуынша, жаңа әдістеме оқушылардың пән мазмұнын жеңіл меңгеруге және сабаққа қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
ГҮЛЖИХАН ИМАНХАТОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
"Білім саласы үнемі жанаруда үлкен жаңалықтан еңгізілуде. Осы жаңалықтан қалыс қалмауымыз керек. Заман талабына сай барлық жаңашылдықты бірінші қабылдайтын педагогтер қауымы. Олар балаға да ата-анаға да жеткізеді."
Әрине, білім беру ісінде ақпараттық технология мүмкіндігін қолдану заман талабы. Бұр ретте ұстаздар да бұл үрдістен шет қалмай, пәнді түсіндіруде жасанды интелектіні қолдануда.
ГҮЛСТАН АБДУЛЛАЕВА
ОҚЫТУШЫ
«Жасанды интеллекттіні сабақтарымда жиі қолдануға тырысамын. Өйткені менің магистрлік дисертациямның тақырыбы «ChatGPT қолдану арқылы ағылшын тілі сабақтарында балалардың сөздік қорын көбейту. Балалардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Бірақ бұл жерде ең маңызды нәрсе оқушыға бағдарлы әдісті қолдану. Тек мұғалім емес оқушылар да сабақ барысында жасанды интеллекті қолдану»
Жаңа бастама аясында дербес оқыту тетігі мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту, педагог кадрлар даярлау, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғау сынды маңызды міндеттер іске асырылмақ.