Жаңа үйлер салынады

Алматы облысында құрылыс қарқынын реттеу және халықты баспанамен қамту мәселесі пысықталды. Облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың төрағалығымен өткен жиында өңірдегі барлық аудандардың тыныс-тіршілігі мен құрылыс нысандарының жай-күйі талқыланды. Қонаев қаласында баспана кезегінде 2854 адам тұрса, соның 12 пайызын, яғни 350 отбасын келер жылы пәтермен қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, нарықтағы бағаның құбылуы мен жаңа салықтық өзгерістерге байланысты мемлекет тарапынан дербес құрылыс жүргізу туралы шешім қабылданды. Осы орайда, Қонаев қаласында бюджет есебінен 420 пәтерлік жаңа үйдің құрылысы басталады. Сонымен қатар жиында облыстағы тұрғын үй  құрылысын  бәсеңдетпеу керектігі айтылды. 

ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«2025 жылы біз 1705 үй сатып алып әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табыстасақ, биылғы жылы жоспар бойынша ол 2361 ді құрайды. 2361 дің ішінде ол 115 ол кредиттік үйлер болады, ол жерде жаңағы кез келген кезекте тұрған азаматтар үйді алуға мүмкіндігі болады. Ал қалғандарының барлығы ол арендный үйлер болады. Ол жерде жаңағы әлеуметтік осал топтағы азаматтардың барлығын үймен қамтамасыз етеміз»

Сондай-ақ оқыңыз: