Қарағаш тұқымы себілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Райымбек ауданында көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Табиғатты қорғау мен өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға арналған  игі шараға аудан тұрғындары белсене атсалысты. Акция барысында Қайнар және Текес ауылдарының орталық аумақтарындағы жалпы ұзындығы бір жарым шақырым жерге 500 келі қарағаш тұқымы себілді. Қатысушылар туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосудың маңызын атап өтіп, мұндай экологиялық бастамалардың қоғам үшін берері мол екенін жеткізді

Сондай-ақ оқыңыз: