Өңірлік қауіпсіздік

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерімен кездесті. Жиында өңірлік қауіпсіздік, трансұлттық қылмыс, есірткі айналымы, киберқауіпсіздік, экстремизм мәселелері талқыланды. Президент қазіргі таңда киберқылмыс пен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қаупі артып отырғанын,  мұндай сын-қатерлерге тек бірлескен іс-қимылмен қарсы тұруға болатынын жеткізді. Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидаты Қазақстанның негізгі стратегиялық бағыты екенін айтып, заңсыз қаржы ағындарын тоқтату мәселесіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызына назар аударды. Тараптар қауіпсіздік саласындағы серіктестікті нығайтып, жедел ақпарат алмасу мен кәсіби байланысты дамытуға дайын екендерін растады.

Сондай-ақ оқыңыз: