Білікті медицина
Алматы облысының дәрігерлері шетелде біліктілік арттырып келді. Енді олар шалғай елді-мекендерді аралап, алған білімдерін тәжірибеде сәтті қолдануда. Мобильді бригада қазір Балқаш ауданында жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер 200-ге жуық тұрғынға кеңес беріп, тоғыз күрделі ота жасаған. Жылжымалы топ жиырмасыншы мамырда Кеген ауданына, ал маусым айында Райымбек ауданының халқын емдеуге аттанады. Мамандардың біліктілігін арттыру үшін облыс бюджетінен жүз миллион теңге бөлінген. Нәтижесінде акушер-гинеколог, хирург пен реаниматологтар озық медициналық технологияларды меңгерді. Олар ауылдық жердегі әріптестері үшін арнайы шеберлік сабақтарын да өткізбек.
НҰРГҮЛ БАТЫРБЕКОВА
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ
«Алматы облысынан 37 дәрігер барды. Емдеу шараларымен, босану тәртіптерімен таныстым, жаңа диагностикалармен, технологиялармен таныстым. Дәрігер үшін өте маңызды, біздің саламызда 10 жыл оқысақта ары қарай біліміңді шыңдап отыру керек. Себебі медицина жаңа технологиялармен жыл сайын даму үстінде»