Таутүрген тауқыметі

«Өркениеттен алыс қалдық. Шұрық тесік жолдан қажыдық, қашанғы көмір жағып, күл төгеміз» Еңбекшіқазақ ауданы,Таутүрген ауылы тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Ел тілегі ескеріле ме?! Тақырыпты тұрғындармен тілдесіп қайтқан тілшіміз Құрманжан Қасымжанұлы толықтырады.  


Ауыл тұрғындары жол азабын жетерлік тарттық деп қапалы. Ауыл арасындағы 6 шақырым облыстық тасжол соңғы рет күрделі жөндеу көргелі 50 жылдан асыпты. Жыл сайын жамап жасқап ағымдағы жөндеу көргенмен ауылдағы ағайын шұрық тесік асфльттен зарезеп болған. Тіпті өздері қаржы жинап қарекет жасаға кездері де болыпты. 

АСЫЛАН СЕГІЗБАЕВ 
ТАУТҮРГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«1милион180 мың жинап, өз қолымызбен істедік, адам техника жалдадық. Сөйтіп жасадық» 

ТЕМІРЖАН БАЛҒАБАЕВ
ТАУТҮРГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Бұл жол сонау 1970 жылы жасалған. Содан бері шұңқырын түзеп кетеді. Жаңбыр жауса ол екі күннен кейін ашылып қалады. Машина бір ай жүрсе екі ай бұзылып тұрады. Ходопка кеткен. Ал бір біріне қарсы шығып соғылып жатқандары қаншама»

Ал ауыл әкімінің берген ақпаратына қарағанда биыл да 70 милион теңге шамасында қаржы қарастырылпты. Күз айларында жылдағы ізінше ағымдағы жөндеу көретін көрінеді. 

ЖҰЛДЫЗ ЕСКЕЛДИЕВА
ТҮРГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Бұл енді облыстық маңызы бар жол. Қаражат облыстан болады. Маусым айында кокурс ойнатылады. Қайтадан ағымдағы жөндеу болады. Жалпы асфальт төсеу биылғы жылға қарастырылмаған»

Жыл сайын осылай жамап жасқап қаржыны оңды солды шашқанша неге бір жолда күделі жөдеуге бермейді деп тұрғындар қапалы. 

САПАРӘЛІ МЫРЗАХМЕТОВ 
ТАУТҮРГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Жаңа жол салған қолайды. 5-6 жыл қарамаса да болады. Ақшаға сюжетке эканом. Неге соны есептемейді. 80 пайыз ағымдағы жөндеу деген сомдық қой»

Таутүрген ауылында 140 қа жуық аула, 650 ге жуық тұрғын бар. Ауылдықтар Іргедегі Түрген ауылына көгілдір отын жектелі 4 жыл болды. Ал біз ел көрген игілікке қашан жетеміз деп қапалы. 

НАҒИМАН ӘБДІРЕШОВА 
ТАУТҮРГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Қар қалың жауады қыста көмір келу де қиын. Балашағалар сыртта, от жаға алмаймыз. Денсаулық жоқ қиын болды. Біздің сұрайтынымыз газ жіберсе»

НҰРИЛА ҚЫРҒЫЗБАЕВА
ТАУТҮРГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Бұл тұрғындардың көбі зейнеткер. Біреуі жүріп тұра алмайды. Менің де жолдасым екінші топтағы мүгедек. Жылда айтамыз. Ия ия дейді нәтиже жоқ. Енді қанша күтуіміз керек шаршадық»

Ал аудандағы сала жауаптыларының жауабы мынау. 

НҰРАДИН ЕРМАХАМБЕТ 
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
 « Енді бұл ауылға құжаттама 2029 жылға дейін әзірленеді деген болжам бар. Бірақ оған қарамастан инсвестор табылса, тұрғындар қарсы болмаса инвест програмамен жұмыс жасауға дайынбыз»

Сондай-ақ оқыңыз: