Жаңа тәртіп

Қазақстанда мемлекеттік қызметке тұрудың тәртібі түбегейлі өзгерді. Енді мемлекеттік қызметке орналасу үшін артық құжат жинап, мекемелердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ.

Өйткені жұмысқа қабылдау жүйесі толықтай электронды форматқа көшіп, «Е-қызмет» порталы арқылы онлайн жүргізіледі. Жаңа ереже бойынша, кандидаттар алдымен заңнамадан тест тапсырып, кейін жеке қасиеттерін тексереді. Осы іріктеуден ең жоғары балл жинағандар ғана келесі кезеңге өтеді. Басшы болғысы келетіндер эссе жазып, сұхбаттасудан өтсе, қарапайым мамандар компьютер арқылы практикалық тапсырма орындайды. Тіпті құжат жинау да жеңілдеді, еңбек кітапшасы мен дипломды Kaspi немесе eGov қосымшасынан жүктей салуға болады.


АЙЗАДА ЕРЛАН
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Конкурсқа қатысу үшін кандидат мемлекеттік тілді және заңнаманы білуге арналған тестілеуден, сондай-ақ жеке қасиеттер бағалауды өтуі тиіс. Егер бұған дейін кандидат жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуді конкурс барысында өтетін болса, қазіргі кезде жеке қасиеттерін бағалау тестілеуі кандидат алдын ала өтеді, және ол тестілеу ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеу сияқты 1 жылға жарамды...»

Сондай-ақ оқыңыз: