«Ғаламатта» тазалық жоқ
Боралдай кентіндегі жаңа тұрғын үй кешенінің маңы қоқыс алаңына айналды.
Тұрғындардың айтуынша, кешен маңында тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған арнайы контейнерлер қарастырылмаған. Соның салдарынан қоқыс бейберекет төгіліп, аумақта антисанитарлық жағдай қалыптасқан.
Боралдайдағы "Ғаламат" тұрғын үй кешені жақында ғана пайдалануға берілді. Жоба туралы ақпаратта оның жоғары экологиялық стандарттарға сай екені айтылған. Алайда тұрғындар бұл мәлімдеме шындаққа сай келмейді дейді.
ВАЛЕНТИНА КУЦЫВОЛ
БОРАЛДАЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ, БЕЛСЕНДІ
«Қазір тұрғын үй кешені салынып жатыр. Осыны пайдаланып, бұл жерді бейберекет қоқыс алаңына айналдырған. Оның қашаннан бері жиналып жатқанын ешкім нақты білмейді. Өйткені бұл мәселе еш жерде жарияланбайды, айтылмайды, ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ. Неліктен жергілікті мемлекеттік органдар мұндай жағдайға назар аудармайды?».
Кешен аумағында қоқыс контейнерлері байқалмайды. Ал төңіректегі қоқыс бірден көзге түседі. Балалар да лас аулада ойнап жүр.
БАҚЫТЖАН ЕГІЗБАЕВ
БОРАЛДАЙ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
« Ол кісілермен қазір келісөздер жүргізіліп жатыр , жер телімін қоршау жөнінде ұсыныс береліпі отыр»
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдай бұл аумақта алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Өткен жылы да осы маңнан заңсыз қоқыс орны анықталып, ол жерді қоқыс 22 жүк көлігімен шығарылды. Қазіргі таңда аумақты қоршау жұмыстары жоспарланған.