AMANAT МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ АЛМАТЫНЫҢ КӨРНЕКТІ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАП, ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара аясында «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлы Кәрібектің Алғыс хаттарымен мәдениет пен өнер саласының көрнекті өкілдері, өңірлік «MIRAS» кеңесінің мүшелері марапатталды. Марапаттарды Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров табыстады.

Марапатталғандар қатарында Қазақстанның Еңбек Ерлері, халық және еңбек сіңірген әртістер, мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар, композиторлар, ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым мен сарапшылар қауымдастығының беделді өкілдері бар.

Іс-шара барысында Станислав Канкуров мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, олардыңұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи жадыныжаңғырту және ұлттық болмысты нығайтужолындағы еңбегіне жоғары баға берді.

Салтанатты рәсімнен кейін Алматыныңмәдени және сарапшылық қауымдастығының беделді өкілдерін біріктіретін өңірлік «MIRAS» кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында қаланың ономастика саласындағы өзектімәселелері қаралды.

Кездесу барысында Алматыда 2548 көшебар екені, оның 1168-і тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің есімімен аталғаныайтылды. Сонымен қатар қайталанатын көше атауларының бар екеніне назар аударылып, қаланың ономастикалық кеңістігін жүйелі әрімазмұнды қалыптастыру қажеттігі көтерілді.

Кеңес мүшелері тарихи сабақтастықтысақтау, дәстүрлі жер-су атауларын жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар айтылып, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болды. Өңірлік«MIRAS» кеңесі тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық бірегейлікті нығайту және Алматының мәдени күн тәртібін дамыту бағытындағыжұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыз: