Серіктестік кеңейді

Елімізде сусын өндіретін ірі компания серіктестерін халықаралық сыйлықпен марапаттады.

 Тағам өнеркәсібі саласындағы әріптестікті қолдау - компания үшін маңызды бағыттың бірі. 

«Карлсберг» әлемедегі ірі  компания. 2008 жылдан бері компанияның Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі 300 миллион АҚШ долларынан асты. Қазір ол азық-түлік өнеркәсібі саласындағы еліміздегі ең ірі 50 салық төлеушінің қатарына кіреді. Ал әлемдік Пепсико компаниясымен  серіктестік  отандық кәсіпорындарға технологиялық тұрғыдан дамуға, бәсекеге қабілетті арттырып, өнімді Еуропаға шығаруға мүмкіндік ашып отыр.

САЙМОН ХОФФМЕЙЕР 
CARLSBERG GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
«Қазақстанда жұмыс істеп жатқанымызға 25 жыл. Енді PepsiCo компаниясымен серіктестік аясында 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туып отыр. Бұл - тұрақты  жұмыс пен пен табыс. Қазір өнім Қырғызстан нарығына да шықты”


Компаниямен тығыз байланыс орнатқан жеке шаруа Ержан Бектеміров арпа, бидай өндірумен айналысады. Серіктестік екі тарапқа да тиімді нәтиже беріп отыр. Шаруашылық иесінің айтуынша, компания тарапынан тартылған 50 миллион теңге инвестиция толықтай ақталып отыр. 

ЕРЖАН БЕКТЕМІРОВ 
«БЕКСҰЛТАН» ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
“Компаниямен серіктестік орнатқалы бері өндірісіміз дамып, жаңа деңгейге көтерілді. Техникалық базамызды жаңарттық. Инвестиция құйып жатыр. 500 гектар жерде өнім өндіреміз 2000 тоннадан арпа өсіреміз. Агробизнес ауылшаруашылығында үлкен рөл атқарады деп ойлаймын. Өйткені өзіміздің өңірде агробизнес өте дамығн. Сол себепті арпа өндіріп осы компанияға өткізіп жатырмыз.”

ЕРІК БАЛАПАНОВ 
«KAZFOODPRODUCTS» КОМПАНИЯСЫ БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Әрине, мұндай келісімдер бизнесімізді жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүмкіндік. Қант өндірісі мен өңдеу саласына көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында Алматы облысы мен Жетісу өңірінде бұл бағыт қарқынды дамып келеді. Енді өнім сапасын жоғары деңгейде сақтау, халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды енгізу - басты міндет.» 

Компания өндірісті жетілдіріп келеді. Электр энергиясын пайдалану 50 пайызға қысқарды. Жаңа технологияның арқасында  компания бір жылда 62 млн. литр су үнемдеген. 

Сондай-ақ оқыңыз: