Жаңа балабақша ашылды

Кемертоған ауылында 400 орындық жаңа балабақша ашылды.

Төрт қабатты заманауи нысанда бүлдіршіндерді тәрбиелеу мен дамытуға барлық жағдай жасалған. Балабақшада тұзбен сауықтыру бөлмесі жұмыс істейді. Мұнда тыныс алу жолдары ауруларының, соның ішінде бронхит, астма, аллергия, тұмаудан кейінгі әлсіздік пен иммунитеттің төмендеуінің алдын алуға арналған  сауықтыру шаралары қарастырылған. Сондай-ақ логопедтің жеке кабинеті, сауықтыру бөлмесі және дене шынықтыру залы бар. Жаңа нысанға сұраныс жоғары. 

ТӘТТІГҮЛ БАСҚАНБАЕВА 
АУДАН ТҰРҒЫНЫ 
«Осы балабақша ашылғанын естіп, қызымды аучыстырдым. Замануи талапқа сай жабдықталған. Маған ұнады. Ең қатты ұнағаны -  тұзды бөлме. Баланың денсаулығына жақсы.»


ИНДИРА ҮСЕНБЕКОВА 
БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ 
«Логикалық ойлау дағдысын дамыту мақсатында логика тайм деген кабинет аштық. Ол жерде ойындардың барлығы барлық балаға жетерліктей деңгейде бар және балаларды музыка өнеріне, би өнеріне тәрбиелеу мақсатында акт залымыз бен би бөлек орналасқан. Ең бастысы балаларды дамыту барысында кең бөлмеде балаларға жағдай жасағымыз келеді..»

Сондай-ақ оқыңыз: