Түлектер қауіпсіздігі
Мамырдың 25-і күні Алматы облысындағы барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай сынып сағаты өтеді.
Мыңдаған түлек үшін соңғы қоңырау соғылып, мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ кезеңі басталады. Ал салтанатты аттестат тапсыру рәсімдері маусым айының ортасында тек мектеп қабырғасында ұйымдастырылады. Биылғы түлектер кештеріне қатаң талаптар қойылған: мейрамхана, дәмхана, жалдамалы коттедждер мен табиғат аясында іс-шара өткізуге, автокортеж ұйымдастыруға және ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынды. Бұл шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Жазғы демалыс кезінде өңірде сауықтыру лагерлері мен мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейді. Қоғамдық қауіпсіздік күшейтіліп, тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары мен дрондар арқылы бақылау жүргізеді. Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және су айдындарына жалғыз жібермеуге шақырады.
АҚМАРАЛ БАҚЫТҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Алматы облысы әкімінің қаулысы бүгінгі күнде, сонымен қатар оқу-ағарту министрімен облыстық білім басқармасының бұйрығы шығарылды. Ол бұйрық пен қаулы ата-аналарға ақша жинауға тиым салу туралы. Яғни, барлық іс-шараларда біз ақша жинауға тиым саламыз. Осы бойынша осы қаулы мен бұйрық қабылданды барлық білім беру ұйымдарына жолданып, ата-аналардың назарына жеткізілді. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында жүргізілді»
ЕРКЕБҰЛАН АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Күшейтілген режимде жүреміз, ата-аналар мен мұғалімдермен қазір біз жұмыс істеп жатырмыз. әр чаттарға жеке жеке ескертудеміз. осындай жағдай болған кезде кәсіпкерлер, оның ішінде ресторан, коттедж беретін кәсіпкерлерге ескертудеміз. егер, ата анасыз,заңды өкілінсіз жүрген жағдайда болса ол коттеджде не ресторанда құқық бұзушылық орын алса қатаң шара қолданамыз»