Жастардың инновациялық идеялары

Қонаевтағы «Alatau Hub» орталығында IT қауымдастық, бизнес өкілдері, сондай-ақ студенттер мен мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.

Орталық аймақтың цифрлық әлеуетін арттырып, білікті мамандар даярлаудың негізгі алаңына айналды. Басқосуда жастар бірегей жобаларын көрсетті. Мысалы  9-сынып оқушылары нәзік жанды жүргізушілерге арналған жасанды интеллект көмекшісін ойлап тапқан. Бұл интерактивті жүйе жол үстінде қандай да бір ақау шықса, не істеу керектігін түсіндіреді. Ал 6-сыныптың өрендері арнайы эко-стартап әзірлеген. Олар жасаған smart құрылғы қоқысты автоматты түрде қабылдап, оны тастаған адамға шағын сыйлық немесе бонус үлестіреді. 

ЖАЗИРА ЖҰМАХАН 
ӨҢІРЛІК IT HUB ЖЕТЕКШІСІ
«Алатау хаб ашылғаннан бері осы екі жүзден астам шара өткізілді. Ол жерде 4000 астам қатысушылар қатысты одан бөдек бізде инкубациялық, акселерациялық программалар өткізіліді. Соның негңщінде ең бірінші тек қана идеямен келіп одан кейін осы жерде біздің сарапшылармен бірге жұмыс жасап өздерінің жобаларын жасаған барлық стартаптар»

ҚУАНЫШ ЗУПАР
ОҚУШЫ
«Бүгінгі алып келген жобамыз роьолотсавка жәнеде екінші жобамыз векс роботы. Екеуінде жобасы халыққа көмектесу. Менің жобам маңызды деп ойлаймын, себебі бұл роботтар біздің ҚЗ бойынша жоқ. Тек қана шетелде ғана, шетелден біз оны копировать еткендей істедік, бірақта оны толығымен қамтамасыз еттік. Программасын өзіміз жазып істедік. Мысалыға оған көп нәрсені адамдар сатып алады біздің ҚЗ ал біз оны толығымен қзіміз ұсына аламыз»

Сондай-ақ оқыңыз: