Бірінші түркология құрылтайына
Биыл алғашқы түркология құрылтайының өткеніне 100 жыл. Осыған орай Алматыда халықаралық ғылыми-мәдени іс-шаралар өтті. Айтулы жиынға Түркі елдерімен қатар АҚШ және Оңтүстік Кореядан келген 60 тан астам ғалым қатысты. Бас қосу аясында халықаралық көрме ұйымдастырылып, экспозицияда бұрын көпшілікке ұсынылмаған сирек архив құжаттары, фотосуреттер мен тарихи материалдар таныстырылды.
АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Бұл 1926 жылы Баку қаласында болған Азербайжанда маңдайалды ғалымдарымыз, тұлғаларымыз жиналған бірінші туркологиялық конгрессте өзіміздің түркі елдеріміздің ең мағыналы, ең керек деген сұрақтары талқыланған болатын. Бұның маңыздысы бір жерде жиналып Түркология ғылымының ғылым ретінде нақтылауына бірінші қадам болды.»
Сондай-ақ, түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырған іс-шара аясында Ұлттық кітапханада әзербайжандық ғалымдардың бірінші құрылтай жайлы ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтті. Жаңа кітапта 1926 жылғы Баку құрылтайының тарихи миссиясы, мәдениет пен ғылымның дамуына қосқан айрықша үлесі мен тіл білімі жан-жақты талданған.
СЕРІК НҰРМОЛДАЕВ
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ
«Бүкіл сол кездегі хаттамаларды, құжатнамалардың барлығын жинастырып, түсіндірме ретінде жақсы шыққан бір кітапты жарыққа шығарған болатынбыз. Кітаптың аты «Бірінші түркологиялық құрылтай» деп аталады. 3 тілде шыққан кітап қазақша, орысша, Әзербайжан тілінде шыққан кітап. Кейін бұл кітапты басқа да тілдерге аударатын боламыз.»