Алғашқы түлектермен қоштасу

Қарасай ауданындағы «Номад» мектебінде тарихи сәт. Білім ордасында алғаш рет соңғы қоңырау соғылып, ең алғашқы түлектерін сәт сапар тілеп шығарып салды. Осылайша алтын ұя мектебімен 31 оқушы қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Салтанатты жиында бірінші сынып оқушылары. мұғалімдер мен ата-аналар қауымы түлектерге жылы лебіздерін жолдаса, түлектер де тебіреніспен алғыс білдірді . Тарихи күнмен құттықтаған мектеп директоры да алғашқы бітушілерге ақ жол тілеп, білім, спорт және өнер салаларында биік жетістіктерге жетіп жүрген оқушыларды марапаттады.

ҚҰЛБАЙ ҮМЕСБАЕВ  
«Nomad International School»  МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
“Біздің тілегіміз, алдарына қойған мақсаттары, олармен қанша рет әңгімелестік, алдарына қойған армандары және ата – аналарының мақсаттары бар ғой, сол орындалсын. Сол себептен, менің ойымша негізгі балаларымыз, олар дайын, мына өмірлік жолға. Сол себептен сапарларың сәтті болсын, ақ жол дейміз қазіргі өзіміздің түлектерге» 

Сондай-ақ оқыңыз: