Тең мүмкіндік
Бүгінде еліміздегі кез келген реформа мен жаңа Конституцияның өзегі - адам және оның құқықтарына бағытталған. Бұған қоса, Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясын ратификациялаған болатын. Аталған құжатқа сай, ерекше жандар үшін еш жерде ешқандай кедергі болмауы тиіс.
Елімізде соңғы онжылдықта мүмкіндігі шектеулі жанддарға кедергісіз орта қалыптастыру бағыты жүйелі қолға алынуда. Мәселен, Алматы облысындағы 1422 нысанға бейімдеу жұмыстары көзделген. Ал биыл соның 278 і нақты қолға алынады. Заң талаптарына сәйкес, кәсіпкерлер мен кез келген ұйым мүмкіндігі шектеулі жандарды қолайлы жағдаймен қамтамассыз етуге міндетті. Бұл нормалардың орындалуын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы облысы бойынша реттеу және бақылау департаменті жіті қадағалап отыр. Мамандар тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, ал заң талаптары бұзылған жағдайда тиісті материалдар әкімшілік сотқа жолданады.
АЙДЫНЖАН НАРМАТОВ
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ
Біздің мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар тарапынан 25 тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның 11-і профилактикалық, жетеуі жоспардан тыс азаматтардың өтініштеріне байланысты тексріс жүргізілді және жетеуі құқық қорғау органдары прокуратурамен келісіліп жүргізілген жұмыстар. Енді бұл тексерістер нәтижесінде 70 заң бұзушылық анықталды. Сол заңбұзушылықтың аясында 18 ұйғарым берілді және де 12 лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды//.