Қонаевта ауқымды құрылыс басталады

Қонаев қаласында Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жаңа әкімшілік ғимараты бой көтереді. Бүгін заманауи нысанның іргетасына салтанатты түрде арнайы капсула салу рәсімі өтті. Маңызды шараға өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев пен Департамент жауаптылары қатысты. Толығырақ Дастан Маратұлы әңгімелейді. 


Жаңа әкімшілік нысан Қонаевтағы орталық көше бойынан еңсе тіктейді. Қазірдің өзінде құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынды. Мамандар жер қазу процесін толық аяқтап, іргетасты бетондау жұмыстарына жаппай көшкен. Жоба бойынша негізгі үш бөліктен тұратын тағанның екі бөлігі құйылған. Бүгін облыс әкімі мен департамент басшысы болашақ ғимараттың іргетасына сәттілік тілеп, естелік капсуласын қалдырды. 

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұның бәрі президент тапсырмасы аясында, былтыр үкіметке тапсырма беріп биыл алғашқы қаржы біздің осы нысандарға бөлінді. Соның ішінде бірнеше әкімшілік нысандар бар. Әрине бірінші кезекті қазіргі күні Алматы қалоасында Алматының төңірегеінде немесе осы жерде жалға алып отырған мекемелерге сол бірінші кезекте бөлуді жөн көрдік, оны президент те үкіметте жөн көрді.


Техникалық сараптамаға сүйенсек, жаңа әкімшілік кешен заманауи архитектуралық стильде салынбақ. Жертөле қабатын есепке алғанда 4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 7 мың шаршы метрге жуық. Жоба аясында қызметтік кабинеттер, асхана, бақылау-өткізу пункттері мен автотұрақ, тіпті спорт алаңы да қарастырылған. 

ҒАЛЫМ ШӘРАПИҰЛЫ
ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Қарқын жаман емес, енді 15 күн болды бастағанымызға, өздеріңіз көріп тұрсыздар міне нәтиже. Қазіргі момент 12 спецтехника жұмыс істеп жатыр, 18 жұмысшы жұмыс істеп жатыр ИНТЕР составты қоспағанда. 130 адамға дейін болады. План бойынша 11 айға жоспарланған сол 11 айдың ішінде бітіреміз деп пландап тұрмыз.

Биыл облыс орталығында бұдан бөлек тағы бірнеше ірі әкімшілік ғимараттың құрылысы қатар жүрмек. Оның ішінде Ұлттық банк, Ішкі істер департаментінің мен облыстық сот ғимараты бар. Олардың басым бөлігі келер жылы қолданысқа беріледі. Құрылысқа Республикалық резервтен 22 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған. 

Сондай-ақ оқыңыз: