Мықты кадр кепілі

Алматы облысы бойынша Өңірлік кадрлық резервке өткен жастар түрлі лауазымдарға тағайындалып, өз міндеттеріне кірісіп кетті. Соның бірі жұмыс басталғалы айдан асқан Іле ауданы, Асқар Тоқпанов ауылдық округінің әкімінің орынбасары Ақсүйген Жағыпбердиева. Мемлекеттік қызметке келген жас кадрмен тілішіміз тілдесіп қайтты. 


Ақсүйген Жағыпбердиева Іле ауданы, Асқар Тоқпанов ауылдық округінің әкім орынбасары лауазымына осы жылдың 20 сәуірінен бастап кірісті. Іске елпек, құжатқа ұқыпты, елге жағымды қағылез қызды жергілікті тұрғындар да жылы қабылдай бастаған.

РАЙГҮЛ ТҰРҒЫНБАЕВА                         АСҚАР ТОҚПАНОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Өзіне мақсат қойып оны орындап жатыр. Қоғаммен ақылдасып бірге жоспар құрып жатырмыз. Келгелі бері 3-4 үлкен үлкен іс шара өтті. Соғанда өзінің ікерлігін көрсетіп жатыр. Қазірге бастама жаман емес.


Ақсүйген Турақалдықызы қызмет көрсету саласы мен құқық тану салсы бойынша жоғары білім алған. Оқу тауысқан соң Талғардағы ауылдардың бірінде бас маман болып жұмыс бастады. 2024 жылы президент тапсырмасына сай өңірілік кадрлік резерев дайындау жобасына қатысты. Сөйтіп әр кезең бойынша сынақтардан сүрінбей өтті. 


АҚСҮЙГЕН ЖАҒЫПБЕРДИЕВА           АСҚАР ТОҚПАНОВ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бесінші кезеңге өткен үміткер өзінің таңдаған саласы бойынша жоба қорғауы керек болды. Менің таңдаған салам агроөнеркәсіп және жер қатынастар саласы болғанды. Сол саладағы құқықтық нормативтік актілердің қолданылуы және олардың өзеге де қолданыстағы базалармен интиграциялануы сол бойынша жоба қорғап, ең соңында Талғар ауданынан кадрлық резеревке өттім.  

Ақсүйген Жағыпбердиеваға ең алғашқы ұсыныс Талғар ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, облыстық ұйымдастыру бөліміне бас маман сондай ақ бір қатар жауапты қызметтер ұсынылыпты. Десе де..

АҚСҮЙГЕН ЖАҒЫПБЕРДИЕВА           АСҚАР ТОҚПАНОВ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алайда өзім он жылда аса уақыт осы атқарушы органда қызмет еткендіктен осы сала өзіме жақынырақ болды. Сол себепті осы ұсынысты таңдадым. Қазіргі таңда бір ай шамасыы болып қалды. Аталған лауазымда өзіме жүктелген тиісті міндеттерді иүикіндігінше жоғары деңгейде өңірлік резеревшісі деген атаққа лайық болуға тырысып жүріп жатырмын. 


Өңірлік кадрлық резервке Алматы облысы бойынша 2024 жылы 277 үміткер қатысып, оның 26 іріктеуден өткен. Қазіргі таңда олардың 13 і конкурссыз жоғары лауазымдарға тағайындалып әр салада жауапты қызметтер атқарып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз: