Жас лейтенанттар полигонда
Қонаев қаласының маңындағы «Берег» әскери оқу полигонында жас лейтенанттардың оқу-жаттығу жиыны өтті. Базалық оқу курсы барысында қатысушылар негізгі әскери пәндер бойынша кешенді дайындықтан өтіп, күрделі жағдайда жедел әрі сауатты шешім қабылдау дағдыларын пысықтады. Іс-шара әскери кафедра түлектерінің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, жас командирлердің моральдық-психологиялық тұрақтылығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Бұдан бөлек «Тәжірибелік сабақ тек офицерлік құрамның кәсіби деңгейін арттырып ғана қоймай, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету міндеттерін тиімді орындау үшін де маңызды»,- дейді жауаптылар.
ӘДІЛҒАЗЫ ОРАЗ
РОТА КОМАНДИРІ
Оқу барысында офицерлер тактикалық дайындық, атыс дайындығы, дене дайындығы және бөлімшені басқару бағыттары бойынша сабақ өтуде. Лейтенанттар жоғары белсенділік танытып, қойылған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауда. Осындай жиындар олардың әскери шеберлігін арттырып, болашақта әскери бөлімдерде сенімді қызмет атқаруына үлкен тәжірибе береді.
Ернат Аманжол
Взвод командирі
Курсқа келгелі бері жеке және командирге тән қасиеттерімді дамытып, сенімділігімді арттыра бастадым. Білімімізді әскери тәртіп бойынша жетілдіру біздің жеке біліктілігіміз бен қасиеттерімізді арттыруға септігін тигізеді деп есептеймін.