Үздік маман анықталды
Қонаев қаласында «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өтті. Әр ауданнан келген 30-ға жуық үміткер кәсіби шеберліктерін сынға салып, халықпен жұмыс істеудегі тәжірибелері мен тың бастамаларын ортаға салды. Дәстүрлі түрде өткізілетін байқау мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандардың кәсіби біліктілігін бағалауға бағытталған. Сайыс барысында үміткерлердің кәсіби даярлығы, қызмет көрсету мәдениеті, халықпен коммуникация орнату қабілеті және жұмыс нәтижелері жан-жақты сараланды. Бағалау үдерісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің арнайы әдістемелік талаптарына сәйкес жүргізілді. Өңірлік кезең қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылар келесі кезеңге өтіп, халықтық онлайн дауыс беру кезеңіне жолдама алады. Ал бірінші орын иегері республикалық кезеңде Алматы облысының намысын қорғайды.
АСХАТ ҚАСЫМБЕРКЕБАЕВ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл бағалау кезінде көрсетілетін қызметтердің сапасына, яғни мерзімі бұзылған қызметтер, сапасы көрсетілмеген мемлекеттік қызметтер, одан да басқа жаңағы мемлекеттік жаңағы клиентке бағдарланған, мемлекет көрсетілетін қызметтің жаңағы жақсы халыққа қолайлы жағдай жасау арқылы бағаланады.
БІРЛІК НӘБИЕВ
ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Ең бірінші адамдармен қарым-қатынас орнатуда ол алдына келіп тұрған адамның өтінішін, сауатты және нақтылап жауап беру, соны жақсылап тыңдау ең бірінші критерий. Адам қандай мәселе бойынша келіп тұрғанын дұрыстап тыңдап, соны сауатты, заң шеңберінде жауап беру.