Ыстық суға зарыққан тұрғындар
Талғар ауданы "Аспан Сити" тұрғын үй кешені тұрғындары бесінші күн қатарынан ыстық сусыз отыр. Айтуларынша, бұл мәселенің орын алуы бірінші рет емес. Жұрт ай сайын төлемін уақытында өтегенімен, коммуналдық қызметтің сапасы сын көтермейді. Тұрғындар қарапайым жуынудың өзі мұңға айналды деп, жауапты мекемеден мәселені дереу шешуін талап етуде.
Құрылыс компаниясының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, кешен жайлы үй санатына кіреді. Ал тұрғын үйдің өзі 2022 жылы ел игілігіне берлген. Алайда ыстық су әлі де дау тудырып отыр. Мәселе қыс мезгілінен басталған. Техника істен шығып, су қарқыны бүкіл үйді қамти алмай, жарылып, өрт болған. Жұрт мұны жауаптылардың салғырттығы мен біліксіздігі дейді.
ЭЛЬМИРА ҮМБЕТОВА ТҰРҒЫН
«Төрт немерем бар. Бұларды қалай шомылдырамыз. Суық суға шомылдырамыз бар? Суды ыстысақ ол энергия. Ол энергия удай қымбат мысалыға. Келесі айда мысалы обязательно ыстыық су мен суық суға төлетед бізді. Міне халық бәріміз жиналып отырмыз. Ыстық суымызды берсін, жөндесін жылдамырақ.»
АЙЖАН ТҮЛЕГУЛОВА ТҰРҒЫН
Не істейтіндерін енді өздері білсін, отырмыз сол суды жылытамыз, отырамыз. Суға түсетін жер де жоқ. Я например не смогу ходитьь в баню. Өйткені аяғымды былтыр сындырдым. Онда жүре алмаймын , екінші аяғымды сындырамын.
Қыста істен шыққан техника тез арада қалпына келгенімен, жағдай жақын арада қайта орын алған. Нәтижесі міне, бір аптадан бері ыстық су берілмей отыр.
ӘЛІБЕК РАМАЗАНОВ
БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
(Qonaev Media телеарнасының сұранысына қайтарылған жауаптан үзінді)
«Былтыр желтоқсан айында өрт болғаннан кейін «Буран Бойлер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Аспан Сити» нысанының жұмысын жалғастыру үшін әкімдіктің кепілдік хатына сүйене отырып, арнайы құрылғы орнатып берген. Одан кейін аудан әкімдігі нысанды қалпына келтіру және оны әрі қарай үздіксіз пайдалану үшін қаржы бөлу жөнінде ресми түрде өтініш жолдаған. Қазір нысанды жөндеуге қажет қаражат бөлу шешімі талқыланып жатыр.»
Қазір ыстық су жүйесі істен шығып, уақытша жұмысын тоқтатқан. Себебі төленбеген берешекке байланысты тиісті жабдықты иелері алып кетті. Мәселе қарызды өтеу арқылы ма, әлде жаңа жабдық орнату арқылы шешілеме ме, ол әлі белгісіз.