Қонаев үлкен құрылыс алаңына айналды

Облыс орталығы Қонаев үлкен құрылыс алаңына айналды. Биыл шаһарда 6 бірдей ірі әкімшілік және әлеуметтік нысанның іргетасы қаланды. Ауқымды жобаларға республикалық резервтен 22 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысын пысықтады.

Қонаев қаласы облыс орталығы болып жарияланғалы бері, қалада жүздеген жобалар іске асты. Оның ішінде инфрақұрылым нысандарымен қатар, зәулім тұрғын үйлер мен әлеуметтік және әкімшілік ғимараттар да бой көтерді. Әкім ең алдымен жуырда ғана іргетасына естелік капсуласы салынған 
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жаңа ғимаратына барды. Нысан 4 қабаттан тұрады. Жалпы ауданы 7 мың шаршы метрге жуық. Мұнда қазір алғашқы дайындық жұмыстары қызып жатыр.


ҒАЛЫМ ШАРАПИҰЛЫ 
ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Қарқын жаман емес, енді 15 күн болды бастағанымызға, өздеріңіз көріп тұрсыздар міне нәтиже. Қазіргі момент 12 спецтехника жұмыс істеп жатыр, 18 жұмысшы жұмыс істеп жатыр ИНТЕР составты қоспағанда. 130 адамға дейін болады. План бойынша 11 айға жоспарланған сол 11 айдың ішінде бітіреміз деп пландап тұрмыз

Қала кіре берісінде бой көтеріп жатқан тағы бір зәулім нысан - 10 қабатты Департаменттер үйі. Бұдан бөлек, қалада Ұлттық банк, Ішкі істер департаменті мен облыстық сот ғимараттарының құрылысы қатар жүруде. Нысандардың көбінде жұмыс кестеге сай, бірақ екі алаңда қаржылық мәселеге байланысты қарқын бәсеңдеген. Сылбырлық танытқан мердігерлерге аймақ басшысы қатаң ескерту жасады.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Үкіметтің қаулысына кірдіңіздер, енді соған сәйкес болу керек, сәйкес жұмыс жүру керек. Салықты бер жаққа ауыстырғыңыз келмейді, қаражат сұрап жатырсыздар басталмай жатып. Ары қарай не болады сонда? Онда ауыстырып тастайық басқа компанияға. Жұмыс істеу керек. Үкімет сеніп қаулыға қосты, біз қолдадық».

Жұмыс сапарының соңында облыс басшысы қалалық жағажайлардың біріне барды. Мұнда негізгі құрылыс пен абаттандыру аяқталған. Қазір ауыз су тарту секілді соңғы техникалық жұмыстар ретке келтірілуде. Марат Сұлтанғазиев бұл аумақта жеке кәсіпкерлер бизнес ашып, сервисті дамыту керек екенін айтты. Инфрақұрылымы дайын жағажай 1 шілдеде ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз: