Евразия кеңістігіндегі серіктестік

Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары аясында, яғни Астанада өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин мәлімдеді. Кездесу барысында энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру және гуманитарлық байланыс саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанда атом электр станциясын салу, өңіраралық жобаларды дамыту және «Достық пен татулықтың жеті негізі» атты бірлескен мәлімдеме әзірлеу мәселесіне баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ықпалдастық тұрақты дамып келеді. Президент екі ел арасындағы қарым-қатынастың Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды фактордың бірі екенін атап өтті. Келіссөз нәтижесінде бірқатар екіжақты келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз: