Іле ауданында «Жүректен жүрекке» атты облыстық деңгейде инклюзивті вокал фестивалі өтті

Іле ауданында «Жүректен жүрекке»атты облыстық деңгейде инклюзивті вокал фестивалі өтті. Балаларды қорғау күніне орайласқан игі шара биыл қатарынан 6 мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл фестивальде мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер өнер әлемінің шексіз мүмкіндігін көрсетеді. Яғни, сахнаға шығып ән салып би билеп, көрерменге бар өнерін емін-еркін паш етуге мүмкіндік алады. Өңірлерден іріктеліп келген өнерпаздардың жалпы саны 30-дан асады. Бұл өрендерге Алматы облысы және Іле ауданы әкімдігінің, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен арнайы грамоталарымен ақшалай сыйақы табыс етілді.  Ал сауапты іске мұрындық болған шара ұйымдастырушыларына да «Білім инвест» қоры атынан  бір миллион теңгелік көмек қаржы аударылды. 


МАРАТ ЖАПАРОВ      ЖОБА АВТОРЫ
Шараның мақсаты осынды мүмкіндігі шектеулі балалардың үнін естірту. Оларды дамыту үшін жаслаған харекет бұл. Мысалы олар ауырсада өлең айтып, сурет салып өздерін дамыту. Және оған әр мектептерде жол ашу.

Сондай-ақ оқыңыз: