Балалық шақ, бақыт мекені

Балалық шақ, бақыт мекені. Бүгін Талғар ауданында ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерді, халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Олар үшін көңілді концерт ұйымдастырылып, сый-сияпат үлестірілді. Толығырақ келесі бейнематериялда.

Талғар ауданында ерекше даму кезеңіндегі балаларға иппотерапия, яғни атпен серуен арқылы емдеу тәсілі жолға қойылғалы екі жылдан асты. Осы уақыт ішінде жүзден астам бала ипподромда емдік-бейімдеу курсынан өтіп, шипа тапты. Ең бастысы  жергілікті бүлдіршіндер үшін бұл ем-дом мүлдем тегін жүргізіледі.


АЙЖАН ЕСЖАНОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Ер қанаты тұлпардың бала денсаулығына тигізер шипасы орасан. Ата-аналардың айтуынша, жүйелі жаттығудан кейін балалардың дене бітімі ширап, мінезінде де оң өзгерістер пайда болған. Бойларында сенімділік ұялап, қимыл-қозғалысы жақсарған.


ЖАНАТ ҚАУЫМБАЕВА
АТА - АНА

Мереке күні облыстық әмбебап кітапхана ұжымы да сауапты іске жұмылды. Олар «Ақжол-М» оңалту орталығындағы балаларға арнап нағыз рухани думан ұйымдастырды. Кітапханашылар құралақан емес. Ойын-сауық, тәтті тағамдардан бөлек, балақайларға ең басты байлық танымдық әрі қызықты кітаптарды тарту етті.


ҒАЛИЯ ТОҚАБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Дәл осындай ізгілікке бағытталған игі шара Талғар қаласының өзінде де жалғасты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайтын «Кәусар бұлақ» орталығы жүзден астам ерекше бүлдіршіннің басын қосып, үлкен мерекелік дастарқан жайды. Айта кету керек, 5 жылдан бері ұйым аутизм дертіне шалдыққан және көру қабілеті бұзылған балалардың қоғамнан оқшауланбай, білім алып, тіпті шет тілдерін меңгеріп шығуына үлкен септігін тигізіп келеді.


АЙДОС ӘУКЕН
«КӘУСАР БҰЛАҚ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСКЕНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Жалпы, Алматы облысында ерекше балалардың тағдыры назардан тыс қалған емес. Бүгінгі басты мақсат тек емдеумен шектелмей, әрбір бала өзін еркін сезінетін, шын мәніндегі кедергісіз әрі инклюзивті орта қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыз: