Ойын алаңқайына жаңа бұрыш ашылды

Жамбыл ауданы Сарыбастау ауылында «Балалар күні» мерекесіне орай ойын алаңы жаңа жабдықпен толықты. Игі бастамаға жергілікті кәсіпкерлер мен білім саласының өкілдері ұйытқы болған. Балабақша ауласына орнатылған заманауи ойын қондырғысының құны шамамен екі миллион теңгені құрайды. Жаңа алаңқай балалардың қуанышын еселеді. Ал ата-аналар мұндай игі іске дән риза. Шеткері ауылда ескі алаңның жаңаша жабдықтармен толығыуы әлеуметтік ортаны жандандырып, жастарды жігерлерндіреді. Бұл шара әуелі балалардың демалысын қауіпсіз ұйымдастыруға сеп. 

АЙЫМ ТҮРКЕЕВА        АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Мен өзім төрт балалы анамын. Күн ыстық. Өздерінің ойнайтын жерлері бар. Стадион, мектеп алаңы бар. Енді жақсы болды. Мектептен тыс балалбақша алаңына келіп ойнайды осы жерге.»  


САМАЛ РУШАНОВА 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Ондай салынған жоқ. Енді салынды. Әкелді осындай ойын орталығын. Демеушілерге алғысымызды айтамыз. Бүгінгі күн өте ерекше өтеді деп ойлаймыз.» 

Сондай-ақ оқыңыз: