Үздік оқушылар марапатталды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуден жүз қырық балл жинаған түлекке 500 000 теңге табысталды. Сондай ақ халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқаулардың 129 жеңімпазы мен жүлдегері марапатталды. 

Бүгін облыстық білім басқармасы «Балаларды қорғау күніне» орай дарынды оқушылармен салтанатты кездесу өткізді. Қарасай ауданында өткен шарада ҰБТ-дан ең жоғары нәтиже көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданының түлегі Али Лоянға арнайы ақшалай сертификат берілді. Сонымен қатар, балалардың жетістігіне үлес қосқан педагогтер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Жалпы, биылғы оқу жылында өңір бойынша халықаралық олимпиадаларда 29 оқушы, ал республикалық жарыстарда 294 бала жүлделі орындар иеленген. Тіпті 5 білім беру ұйымы еліміздің ең үздік олимпиадалық командалары қатарына еніпті. 


ӘЛИ ЛОЯН        ТҮЛЕК
Бұл жеңіс жүйелі еңбек пен ұстаздарымның, ата-анамның қолдауының нәтижесі. Бүгінгі марапат облысымыздың барлық білімді жастарына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Өзім сияқты құрдастарымды мерекемен құттықтаймын, біз әлі талай биік белестерді бағындырамыз!

Сондай-ақ оқыңыз: