Көңілді жаз

Жаз маусымын Райымбек ауданы ерекше қарсы алды.  Б.Соқпақбаев атындағы жастар саябағында ұйымдастырылған ауқымды мәдени-шараға 350-ге жуық тұрғын қатысып, балалар түрлі ойын-сауықтың куәсі болды. Толығырақ келесі сюжетте. 

Мерекелік жиында оқу озаттары, облыстық және республикалық деңгейдегі байқау мен спортшылар мараптталды. Сондай-ақ бормен сурет салу байқауы ұйымдастырылып, саябақ аумағында түрлі аттракцион мен ойын алаңдары бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Кәсіби аниматорлармен балалар қызықты уақыт өткізді.   

ГҮЛНАР ӘРІПОВА 
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
«Бала өзінің кіршіксіз көңілімен, ақ адал ниетімен бақыттың бесігінде тербелуі керек. Сол бақытты балалық шақтың жарқын болуы үшін қоғам болып қолайлы жағдай жасап, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беруіміз қажет».

Аудандық жұмыспен қамту орталығы инклюзивті білім алып жатқан бүлдіршіндермен кездесу өткізді. Аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өскелең ұрпаққа қолдау көрсетіп, олардың қуанышын еселеуге бағытталған мұндай игі бастамалар дәстүрге айналып келеді.

ФАРИЗА БОЛАТҚЫЗЫ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Ауданымызда ерекше қажеттілігі бар 759 азамат тіркелген, оның 115-і – балалар. Қазіргі таңда үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі арқылы 20 бала тұрақты қызмет алып отыр. Аудан әкімдігінің қолдауымен бүгін осындай тағылымды әрі қуанышты шара ұйымдастырылып, балаларға арнайы сыйлықтар табысталды».

Райымбек ауданы осылайша жазғы маусымды асыға қарсы алды. 

Сондай-ақ оқыңыз: