Сирек аңдар мекені - Шарын

«Шарын» паркінде көктемгі аң санағы жүріп жатыр. Санақ өңірдегі аң-құс популяциясы тұрақты екенін көрсеткен. Сондай-ақ қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың төлдеу кезеңі фототұзаққа түскен көрінеді. Жалпы, парк аумағында сүтқоректілердің 34 түрі бар. Оның қатарында түркістан сілеусіні, ортаазиялық құндыз және сабаншы секілді сирек жануарлар да кездеседі. Табиғатты қорғау бағытында ғылыми қызметкерлер мен мемлекеттік инспекторлар жануарлар санын, таралу аумағын және табиғи өсімін үнемі бақылауда ұстайды.  Олардың дерегінше, жануарлар дүниесін сақтау мен тұрақты бақылау экологияның тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Ал табиғаты ерекше Шарын шатқалы қазір сирек кездесетін аңның мекені ғана емес, туристер легі таусылмайтын орынның біріне айналған. Былтыр паркке 245 мың адам келсе, биыл күн жылығалы келушілер саны 70 мыңнан асқан. 

ЖІГЕР САРТБАЕВ  «ШАРЫН» ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ПАРКІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Бізге қарасты аумақ 127 мы 50 гектар болғандықтан, бірден оны алып жүру өте қиын. Қазір өздеріңіз байқағандай жолдың ұзақтығы бар, таулы аймақ бар және шөлейтті жерлеріміз болғандықтан ол жұмыстар жалғасын табуда. Ал енді әзіргі таңда былтырғы жылмен салыстырғанда қарақұйрықтардың саны жақсы, тұрақты».

Сондай-ақ оқыңыз: