Дінмұхаммед Қонаевқа бюст ашылды
Жамбыл ауданы, Қазыбек бек бекетінде қазақ халқының біртуар азаматы Дінмұхаммед Қонаевтың құрметіне бюст бой көтерді. Ескерткіштің орнауына еңбек ардагері Советбек Еркінбай пен ауыл азаматтары сеп болған. Ел ағалары ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, қазақ халқына жасаған еңбегін еске алды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Қазыбек бек бекетінің бой көтеруіне Дінмұхаммед Қонаевтың еңбегі орасан. Жолын жөндеп, аурухана, балабақша салдырып, төрт сыныптық мектепті он сыныпқа ауыстырған. Сондай-ақ тұрғындарды үймен қамтамасыз еткен дара жанның жақсылығын ауыл тұрғындары ұмытпай, мына бір алып ескерткіш ауылдың дәл ортасында тұрса біз үшін бақыт сол дейді.
СОВЕТБЕК ЕРКІНБАЙҰЛЫ
ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
«Бүгін мен үшін үлкен қуанышты күн. Сол аңсаған ойым іске асып, міне қаззір Димаш аталарыңның мүсініін салтанатты ашайын деп жатырсыңдар. Бұл Димекеңнің қазаққа сіңірген еңбегін айтып жеткізуге болмайды. Сондықтан мына мүсіні құтты болсын.»
Жиында Қонаев атындағы қор Димаш Ахметұлыны жайлы кітабын көпшілі назарына ұсынды. Ал ел ағалары игі іске ақжарма тілегін айтып, шараның маңызын айшықтай түсті.
АМАНГЕЛДІ ШАБДАРБАЕВ
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
«Димаш Ахметұлы деген кезде бұл кісі ерекше. Сондай өзінің сүйіспеншілігін көрсетеді. Димаш Ахметұлы да бұл кісіні жақсы көрді. Себебін айнайын, Димаш Ахметұлына желтоқсаннан кейін ешкім қарамай қойған кез болды ғой. Сонда Димаш Ахметович бірінші келген осы кісінің үйі болған. Дастарханнан дәм татып, батасын берді.»
«Ер есімі ел есінде» демекші Димаш Ахметұлына көрсетілген бұл құрмет – халықтың алғысы мен сүйіспеншілігі.