Құқықтық білім - заман талабы

Талғар ауданындағы №36 орта мектепте «Заң мен тәртіп» жобасы аясында қорытынды семинар өтті. Президент пен Бас прокуратураның бастамасымен қолға алынған бұл жоба алғаш рет Талғар ауданында сынақтан сәтті өткізілген. Оның нәтижелі көрсеткішінен кейін, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап бұл жоба бүкіл Қазақстанға енгізілген. Бұл бастама аясында аудандағы 13 мектеп пен 6 колледжде арнайы заң сабақтары жүргізілді. Мұнда тәлімгерлер оқушыларға тек дәріс оқып қана қоймай, кейс-стади әдісі мен викториналар арқылы құқықтық сауаттылықты үйретті. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында «Жас прокурор көмекшісі» ұйымы құрылған. Жиында құқық қорғау органдары, педагогтар осы атқарылған жұмыстарды саралап, қауіпсіз қоғам қалыптастыру шараларын қорытындылады.

ӘСЕЛ ЖАНГЕЛДІҚЫЗЫ
№36 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл жоба тек құқық бұзушылықтың алдын алу ғана емес, ең алдымен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болды. Мектебімізде құқықтық тақырыптағы пікірталастар, сахналық қойылымдар мен профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар оқушылардың заңды тек теория жүзінде ғана емес, өмірде дұрыс қолдана білуіне ықпал етті

Сондай-ақ оқыңыз: