Өрттің алдын алу шарасы

Райымбек ауданында ормандағы өрттің алдын алу және табиғи байлықты қорғау үшін арнайы оқу-жаттығу өтті. Нарынқол орман шаруашылығы және өрт сөндіру қызметі мамандары қатысқан шара барысында төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар пысықталып, техника дайындығы тексерілді. Мамандардың айтуынша, мекемеде өрттің алдын алуға қажетті арнайы техника мен құрал-жабдықтар жеткілікті. Сондай-ақ орман алқаптарында тұрақты бақылау жұмысы жүргізіліп, қауіпсіздік шарасы күшейген. Нәтижесінде орман аумағында соңғы жиырма жылда өрт тіркелмеген.

ЕРБОЛ ЖҰМАҚАНҰЛЫ
ОРМАН ҚОРҒАУ ИНЖЕНЕРІ
Бүгінгі таңда біздің негізгі мақсатымыз орманды өрттен қорғау. Сол мақсатта бүгінгі күнгі 12 өрт сөндіру бөлімімен біріккен орман өртін алдын-алу оқу-жаттығуын ұйымдастырдық. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру бөлімімен бізді қосқан кезде 4 өрт сөндіру автокөлігі, 2 трактор, 4 патрульдік машина және 40 жауынгер қатысты. Өрттің алдын-алу мақсатында отты жағып, өртті тез арада ауыздықтап алдық.”

Сондай-ақ оқыңыз: