Демалыс орындарының қауіпсіздігі күшейді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемдегі аурудың 80 пайызы сапасыз су мен гигиеналық талаптың сақталмауынан туындайды. Әсіресе жаз мезгілінде су арқылы таралатын жұқпалы ауру қаупі артады. Осыған орай өңірде жазғы шомылу маусымына дайындық жұмыстары күшейді.. Қазір эпидемиологиялық қызметтің бақылауында 188 ірі және шағын демалыс орны бар. Сондай-ақ балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін 46 маусымдық лагерь бақылауда. Мамандардың айтуынша, демалыс орын иелері жағажайды инфрақұрылыммен жабдықтауға, аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге және дезинфекциялық шараны жүргізуге міндетті. Ал тұрғындарды рұқсат етілген және талаптқа сай жабдықталған демалыс орнын таңдауға, балаларды қараусыз қалдырмай, гигиена ережесін қатаң сақтауға шақырады.
АЛТЫНАЙ РАЙЫМБЕКОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз осы жаңағыдай май айынан бастап міндетті түрде анализді аламыз. Осы уақыттан біздің мамандар барып, ол жерден осы айтылған көрсеткіштер бойынша, санитарлық химиялық көрсеткішке, бактериологиялық көрсеткішке және жаңағыдай құмның сапасына барлығына біз мониторинг жүргіздік. Сондықтан біз оның осы күнгі сапасы бүгінгі нәтижесі талапқа сай болып тұр. Маусым аяқталғанша біз мониторингті жалғастырып жүргізіп отырамыз.