Жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі тексерілді
Алматы облысында заңсыз жер қойнауын пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілеріне тосқауыл қою жұмыстары күшейтіледі.
Бұл мәселе облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың төрағалығымен өткен жиында жан-жақты талқыланды. Басқосуда құқық қорғау және уәкілетті органдардың заңсыз карьерлерді анықтау, қылмыстық және әкімшілік істерді тергеу бағытындағы жұмыс нәтижелері сөз болды. Сондай-ақ заңнама талаптары сақталуын бақылауды күшейту шаралары пысықталды. Жауапты мекемелердің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жер қойнауын өз бетінше пайдалану дерегі бойынша 5 қылмыстық іс тіркелген. Бұдан бөлек, пайдалы қазбалар заңсыз өндірілетін 18 учаске тұрақты бақылауға алынған. Бүгінде бұл аумақтарда жүйелі түрде рейдтер мен профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп тұрады.
ҚАНАТ ЕСБОЛАТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Полиция департаменті экология департаментімен бірлесіп заңсыз пайдаланған қазбалар өндірілетін негізгі нүктелерін тұрақты рейдтік шаралар мен тосқауыл жұмыстарын ұйымдастыру керек. Заңсыз өнім таситын ауыр жүкті көліктерін анықтап оларды айыппұл тұрағына қою және тұлғаларды қылмысты әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын күшейту керек//.