Мәжіліс депутаттары Іле ауданы, Мұқағали Мақатаев мектебімен танысты
Бүгін Қонаевта Парламент Мәжілісі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда білім беру саласының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен өзекті түйткілдері ортаға салынды.
Жиынға депутаттар, оқу-ағарту және Цифрлық даму министрліктерінің өкілдері қатысты. Басқосуда ауыл мектептерін заманауи қалыпқа келтіру, кадр тапшылығын жою және білім сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Бүгінде Алматы облысында 34 мыңнан астам мұғалімнің еңбекақысы екі есеге өскен. Сонымен қатар, өңірдегі үш ауысымды мектептерді жою бағытындағы жұмыстар да қарқынды. Дегенмен, шешімін күткен өзекті мәселелер де аз емес. Қазіргі таңда жасанды интеллект пен цифрлық дағдыларды қалыптастыру басты талап.
ҒАНИ МАЙЛЫБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
2024-28 жылдарға 9 мектептің, жаңа мектептің құрылысын жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталып кетті. Салынатын 9-мектеп, 18 үш ауысымды мектептің және мектебі жоқ 2 елді мекеннің және саяжайлардан тасымалданатын 4573 баланың тасымалдау мәселесін шешеді. Жалпы облыс әкімі тарапынан білім саласына бағытталған біршама жұмыстар бүгінгі таңда оң нәтижесін беруде.