Мәжіліс депутаттары Талғар ауданындағы мектептерді аралады

Мәжілісі депутаттары Нүргүл Тау, Нұрлан Әуесбаев және Айна Мусралимова Талғар ауданына жұмыс сапарымен келді. Олар өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметімен танысты. Сапар аясында делегация Кеңдала ауылындағы нөмірі қырық екінші орта мектепте, Талғар қаласындағы нөмірі төртінші мектеп-лицейде және Жаңалық ауылындағы нөмірі жиырма жетінші жалпы білім беретін орта мектепте болды. Жиында білім ордасының даму әлеуеті, цифрлық технологияларды енгізу мүмкіндігі және мұғалімдердің еңбек жағдайын жақсарту мәселесі талқыланып, мұғалімдермен ашық диалог орнады.  Және бір өзекті тақырыптың бірі - үш ауысымды мектептің жәй күйі. Үш жүз балаға арналған мектепте 1500 ге жуық бала оқып жатқан білім ұйымы 69 пайыздық білім нәтижесін көрсетіп отыр. Сондай-ақ әр мектепте интернет сапасы жақсы болуы тиіс. Бұл «Digital School» жобасын тиімді жүзеге асыруға сеп.  

НҰРГҮЛ ТАУ 
ҚР ПАРЛЕМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 
«Диджитал мектеп дегінімз де сол мақсатта ғой. Қазір 21 ғасыр ғой. Біз қабылдасақ та қабылдамсақ та заман талабы ғой. Оны балалар дұрыс меңгеруі керек. Президентіміз қойып отрыған үлкен тапсырмасы сол. Ол үшін не болу керек. Қолжетімді болу керек.

Сондай-ақ оқыңыз: